"Екі айдан бері тентіретіп қойды": Ақтөбеде көлік базарының саудагерлері шу шығарды

Ақтөбеде базар саудагерлері шу шуғарды. Сөздерінше, әкімдіктегілер оларды тауып отырған нәпақыларынан айырып, базарды жауап тастаған. Жиналғандар мәселенің мән-жайын санитарлар түсіндіріп беруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

базар

Көлік базарының қаңырап тұрғанына екі айға жуықтапты. Жалға алушылар болса, содан бері нәпақадан қағылдық деп шулайды. Бәрінің басында несиесі бар. Ал саудалап отырған тауарлары базардың ішінде қалған. Кіруге рұқсат жоқ. Жиналған қарақұрым халықтың ызасын тудырғаны дәл осындай автокөлік бөлшектерін сататын өзге бірді-екілі сауда орындары жұмыс жасап жатыр екен.

"2 мың шаршы метр көп дейді, оның қасында ярмарка бұдан 3 есе көп. «Илек» деген қарама-қарсы, бәрі істеп тұр. Арасында біз істемей жүрген. 2 ай болды жұмыссыз қалғанымызға, Үкімет біздің рынокты ашуын сұраймыз", - дейді саудагер Әлібек Қаналин.

Базардағылар мамыр айының басында сауда орнын ашуға рұқсат бергенін айтады. Алайда, саудагерлердің қуанышы ұзаққа созылмапты. Екі күннен соң қайта жауыпты. Себебін де ұқпай қалдық, дейді олар.

"Халыққа неге қарамайды? Өз күшімізбен жұмыс істеп жатырмыз. Қандай заңбұзушылық айтсын, бізде не болыпты?" - дейді саудагер Ералы Мейіржанов.

"Базарға келетіндердің санын реттеу түк қиын емес ғой. Ара қашықтықты сақтаймыз. Тіпті, былайғы күндердің өзінде базардың ішінде 200 адам жүреді деп айта алмаймын", -деді саудагер Максим Клименко.

Базар басшылығы ай басында әкімдіктің жұмыс жасауға рұқсат бергенін айтты. Комиссия келіп тексергенін де растады. Бірақ, кейін жабу керек деп бұйырғасын, жаптық дейді.

"4 мамырда комиссия келіп ғимартты қарап кетті, рұқсат берген соң, базарды аштық. 6-сы күні билік өкілдері, сосын облыстық СЭС-тің адамдары қайта жапты. Сауда орнының аумағы рұқсат беруге сәйкес келмейді деді", - деді базар әкімшісі Ирина Моисейченко.

Мән-жайды түсіндіруге келген санитар мамандар бұл базардың ашылуына әлі рұқсат жоқ екенін баяндады. Ал саудагерлер айтып тұрған автокөлік бөлшектерін сататын өзге базарларға жеңілдік жасаған себебі - олар ауыл шаруашылығына қажетті көліктердің құралдарын сатумен айналысатындар екен. Көктемгі егіс науқанын ескердік дейді.

"Ауру жағдайы 7 пайыздан асуына байланысты біздер оны кейінге қалдырып отырмыз. Ол жалғыз тек қана автобөлшектер сататын базар емес, одан басқа базарларға да қатысты ол. Тек қана жаңағы ауылшаруашылық автокөліктерінің заттарын сатуға рұқсат берілген. Өйткені, қазіргі күні ауылдарда нелер жүргізіліп жатыр ғой, посевные работы дейміз. Егін егіліп жатыр", -деді облыстық тауаралар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсәуле Оралбаева.

Саудагерлері шу шығарған базардың жұмысын бастауы аймақтағы эпидемиялық ахуалға тікелей қатысты. Вирус жұқтырғандар саны азаймайынша, есігі ашылмайды. Бұған дейін осы аптадан бастап шаһардағы кейбір сауда орындарына жұмыс жасауға рұқсат беріледі деп жоспарланған еді. Алайда, сырқат жұқтырғандар саны 7 пайыздан асқандықтан кейінге шегеріліп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр