Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі ай ауруханада емделдім": Әбунасыр Серіковтің денсаулығы сыр берді

Танымал актер Әбунасыр Серіковтің денсаулығы сыр берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Headliner weekend бағдарламасына сілтеме жасап. 

Екі ай ауруханада емделдім Әбунасыр Серіковтің денсаулығы сыр берді

Әзілімен талай көрерменнің көзайымына айналған "Бауыржан шоу" театрының экс-актері бүгінде денсаулығының дұрыс болмай жүргенін жеткізді. Бір емес, бірнеше дерт қатар жабысқан Әбунасыр Серіков біраз уақыт бойы демалғанын да жасырмады. Өнер иесі тіпті халық емшілеріне де барған көрінеді. 

"Қантым көтерілген, грыжа, өкпем ауырады. Алладан шипасын берсін деп тілеп жатырмыз. Әрі емделіп, әрі жұмыс істеп те жүрміз. Шымкентке барған кезде өкпемді көрді де, қантың көтерілгені бар деп бір жарым екі айға ауруханаға жатқызып тастады, емделдім. Мен халық емшілеріне бардым. Солардың барлығына рахмет айтамын", -  дейді Әбунасыр Серіков. 

Жас кезінде күннің суығына, жұмыстың ауырлығына мән бермеген Әбунасыр Серіков тағы да емделу керек екенін айтады. Осылайша, актер ұсынылған рөлдерден неге бас тартқанын түсіндірген болатын. 

"Бауыржан шоуда" жүрген кезде қонақ үй, мәдениет үйі суық болды. Көрермендер тонмен отыратын. Кіріп шығып жүріп ауырдық. Ауырды да, жеңілді де көрдік. Мен жұмыс жасай беріп, ауырғанымды білмегенмін. Біраз туындылардан бас тарттым. Өйткені 20 күндей емделмесем болмайтын болып тұр", - дейді Әбунасыр Серіков. 

Талқылау