Екі адам қаза тапқан: Түркістан облысындағы жанармай құю бекетіндегі өрт бойынша сот үкімі шықты
Фото: freepik.com
Түркістан облысы Жетісай аудандық соты жанармай құю бекетінде болған төтенше жағдайға қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адамды күйік шалып, салдарынан екеуі де қаза тапқан.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы тарапынан абайсызда екі адамның өліміне алып келген қайғылы жағдай бойынша сотталушылардың кінәсі дәлелденген.
Сот үкімімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, екі адамның қазасына алып келген жағдай бойынша "JOL YRYSY" ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген