Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Egov порталы қайтадан істемей қалды

Қазақстанда Egov порталы тағы да жұмыс істемей қалды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Желі жабдықтарына қатысты туындаған техникалық проблемалар egov жұмысына әсер етіп жатыр. Мамандар олқылықтарды жоюмен айналысып жатыр", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ баспасөз қызметі. 

Сайттың қашан іске қосылатыны белгісіз. 

7 желтоқсанда қазақстандықтар Электрондық үкімет сайтындағы қызметтерді пайдалана алмаған. Ол уақытта "Ұлттық ақпараттық технологиялар" сайтында техникалық жұмыстар жүргізілгені хабарланды.

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, 14: 00-де Egov сайты жаңартылды.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Қаңтар, 2021 13:38
Талқылау