Егіздердің төлқұжатында фотолары ұқсас болғандықтан шетелге жіберілмеді
Көші-қон қызметі үшемнің екеуін Мәскеуден шығармады,өйткені шетелдік паспорттағы олардың фотолары шекарашыларға бірдей болып көрінген.
Бес баласы, оның ішінде үшем бар Панченколар жанұясы демалыстарын Тайланда өткізбек болған. Шекарада егіздермен проблема туындады: көші-қон қызметі барлық төлқұжаттарға бірдей фото жапсырылған деп мәлімдеді. Салдарынан Яна мен Макарды елден шығарған жоқ. Тек, әзірге есімі аталмай отырған олардың ағасы ғана теңізге ұша алған.
Балалармен бірге қалған атасы Игорь Сандрагайловтың түсіндіруінше, егіздердің екі айлық кезінде шетелдік паспорт толтырылған. Қазір де өте ұқсас егіздер онда тіпті бірдей болған. Шамасы сондықтан проблема туындаған болуы керек
Бір қызығы, балалар осы құжатпен өткен жылы ешқандай кедергісіз Египетке барған.
Дегенмен рейстен алып қалған Яна мен Макарға шұғыл жаңа паспорт толтыруға тура келді. Бұл жолы екеуін ажырата алу үшін түрліше киіндіріп, фотоға түсірді. Араға апта салып балалар Тайлантдқа аттанып кетті.
Жіберіп алмаңыз:
Екі қостанайлық сот орындаушыларының кінәсінен шетелге шыға алмай, жолынан қалған