Египетте жоғалған студенттің әкесі оларды “әскери адамдардың алып кеткенін” хабарлады
Египетте жоғалып кеткен Қанат Беріктің әкесі ұлының достарымен бірге емтиханды сәтті тапсырғанын айтты. Ал 24 шілде күні олардың тіл курстары басталуы тиіс болған.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Соңғы рет жоғалған жігіт әкесімен 19-нан 20-на қараған түні байланысқа шыққан.
“Біз соңғы рет онымен WhatsApp арқылы сөйлестік. Ол ертең ауыр күн болатынын, себебі 24 шілдеде тіл курстары басталатынын айтты. Кешке қоңырау шаламын деген, сол күйі хабарласқан жоқ”, – дейді әкесі Ардақ Исабеков.
WhatsApp-та соңғы рет хабарласқанға дейін оларда бәрі жақсы болған. Үйіне суреттерін жіберіп, күдік тудырарлық ештеңе байқатпаған.
“Біз консулдан, басқа адамдардан да естідік, балаларға алдын ала кездесу туралы келісіп қойған бір жігіт келген. Ал бұл кезде олар жатақханада болмаған. Вахтердің айтуынша, оларды әскери формадағы адамдар алып кетіпті. Тек осы ақпарат ғана бізге белгілі”, – дейді әкесі.
Өз кезегінде әкесі олардың жоғалып кетуіне діннің қатысы болуы мүмкін екенін растамады. Қанат 12 жасынан бері намаз оқиды, бірақ, бойында ешқашан фанатизм болған емес дейді әкесі.
Осыған дейін Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді іздеу әлі жалғасып жатқанын ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Қазақ әншісі 1 теңгені менсінбеген қазақ әйелін ұялтып тастады
Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты
Таразда салмағы 6 келі 265гр сәби дүниеге келді
Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)