ЕАЭО-та несиелік есептерді алмасу тек қарыз алушының келісімімен ғана мүмкін болады– Әбілқасымова
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерде енді несиелік ақпарат есептерді алмасу тек қарыз алушының келісімімен ғана мүмкін болатынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ЕАЭО" мәжілісінің сәрсенбідегі отырысында Әбілқасымова "Несиелік тарихқа енгізілген ақпаратпен алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын талқылау барысында ұсынылды.
Несиелік ақпараттарды алмасу тек қарыз алушының – жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша, электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асады. Оны алты айдан аспайтын мерзімде ғана қолдануға мүмкін болады. Бұл мәліметтер тек несиелік қатынастарды жасау немесе кейіннен мониторинг жүргізу үшін ұсынылады.
Мадина Әбілқасымованың айтуынша, несиелік есеп ақпараттарды алмасу уәкілетті ұйымдардың шектеулі тізімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл Қазақстанда – "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС арқылы, Ресейде – алты несиелік бюро арқылы, Қырғызстанда – екі несие бюролар, Армения мен Беларусьте бір несие бюросы жүргізіледі. Барлық тарапқа ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету міндеті белгіленген.
Келісімнің мақсаты – ЕАЭО шеңберінде несиелік тарих туралы ақпаратпен трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау. Ол несиелік есептерді трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін анықтайды. Мұнда несиелік есеп беру туралы сұрау салу, несиелік тарих субъектісінің келісімі, несиелік есептің өзі, несиелік тарихқа дау туғызатын құжаттар кіреді.