Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан чемпионын өлтіргендер жазасыз қалған

Түзеу мекемесінде қаза болған Қазақстанның дзюдодан 5 мәрте чемпионы Бақытжан Әбдікәрімовтың өліміне жауапты адамдар тиісті жазасын алған жоқ. Осылай деп мәлімдеген спортшының туыстары аталған іске Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның араласуын сұрап отыр.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

45 жастағы Бақытжан Әбдікәрімов 2016 жылы Павлодар қаласындағы АП 162/3 түзеу мекемесінде қаза болған. Марқұмның туыстарына  «ол терезені сындырып, әйнекпен өз мойнын кесті» деп мәлімдеген.

Алайда сот сараптама спортшының әбден таяқ жегенін, мойыны әйнекпен емес алюминийден жасалған өткір затпен кесілгенін анықтапты. Әбдікәрімовтың жақындары «бауырымыз өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес, яғни оны азаптап өлтірді»  деген пікірде.

«Біз куәгерлердің көрсеткендеріне сүйеніп отырмыз. Куәгер таңғы сағат 5.55-те Әбдікәрімов Бақытжанды 3 адамның, яғни бір колония  қызметкері мені екі белсендінің ұрып-соққанын көрген. Ал сот-сараптаманың №202  нәтижесі  Әбдікәрімовтың қолына әйнек ұстамағанын дәлелдеді», – дейді марқұмның бауыры Жандос Әбдікәрімов.

Бұл іс Павлодар қаласының сотында қаралып, адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген бап бойынша биыл қазан айында колонияның үш бірдей қызметкері сотталды. Оның біреуі 4 жылға бас бостандығынан айырылса, екі қызметкер үш жарым жылға шартты түрде сотталған. Алайда зардап шеккен тарап сот куәгерлердің көрсетілімдерін және сот-сараптама нәтижелерін ескермей тым жұмсақ жаза тағайындады деген пікірде.

«Сот дұрыс қарасын. Мына қараған дұрыс емес. Түрмеде кісілерді өлтірмеу керек, түрмеде кісілерді тәрбиелеу керек», – дейді марқұмның әпкесі Нұрлыгүл Демпстер.

Павлодар қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандарды ұрып-соғып, қорлық-зомбылық көрсететіні туралы бірнеше жыл бұрын қоғам белсенділері дабыл қаққан. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ.

«2015 жылы колониядан көмек сұрағандар көп болды. Біздің мүшеміз Елена Семенова түзеу мекемесінде қорқынышты дүниелер болып жатқанын дәлелдеуге тырысқан. Алайда оған ешкім құлақ аспады. Енді міне 2016 жылы Әбдікәрімов өлсе, 2017 жылы да азаптаудың құрбаны бар екенін білдік», – дейді қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова.

Ал Бақытжан Әбдікәрімовтың жақындары қансырап жатып қалған адамға уақытылы көмек көрсетпеген түзеу мекемесінің дәрігерелері де жауапкершілікке тартылуы тиіс деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 12 жасар оқушы жеке бизнесін ашты

Павлодарлық балабақшаларда 7 мыңнан аса орын жыл бойы бос тұрған

Көкшетауда трактор соғып мүгедек болып қалған ер адам өтемақы ала алмай жүр

Көкшетауда 4 баланың анасы үйін жынойнаққа айналдырып, балаларын тастап кетті

Талқылау