Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джоли балаларға қамқорлық көрсету құқығына ие болды

Брэд Питт пен Анджелина Джоли балаларды қамқорлыққа алу туралы уақытша келісімге қол жеткізді.

541b05ed7614ea344e1282cb30df5b2d

Фото: static.glamour.ru

Бұл туралы TMZ порталы хабарлайды.

Тыңдау Лос-Анджелестегі департаментте өтті. Келісім бойынша, Джоли 30 қазанға дейін барлық алты баласына да қамқорлық жасау құқығына ие. Питт өз кезегінде, дәрігерлердің қатысуымен балалардың хал-жағдайын біліп тұра алады. Сонымен қатар, актер есірткі мен алкоголге қатысты анализ тапсыруы да тиіс.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар әуелі жеке-жеке психологтан кеңес алып, кейінірек отбасылық жағдайда балалармен бірге психотерапия бойынша маман кеңесіне жүгінуі керек. Осы келісімнен үш апта өткеннен кейін департамент жаңа шарт тағайындайды немесе істі сотқа жібереді.

19 қыркүйек күні Джоли Питтпен ажырасу туралы өтініш берген болатын. Ол бұл шағымды күйеуінің әкелік міндетін дұрыс атқармауына байланысты деген еді.

Оқи отырыңыз:

“Әйел” сөзі “жезөкше” деген мағынаны білдіретіні рас па?

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Қытайда көзі жоқ сәби өмірге келді

Дәрігерлер жыныс мүшесіне 2 күн бойы неке сақинасын тағып ауырған қытайлықты құтқарды (видео)

Талқылау