Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеймс Бондты сомдаған атақты актер дүниеден озды

Джеймс Бондты сомдап көпке танылған британиялық актер Роджер Мур дүниеден озды.

 20170523-roger-poar

90 жасында бақилық болған Роджер Мур қатерлі ісікпен ауырған екен. Актер Швейцарияда қайтыс болды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне әртістің туысқандары хабарлаған. Жерлеу рәсімі Монакода өтеді.

Айта кетсек, Мур «Живи и дай умереть» (1973), «Человек с золотым пистолетом» (1974), «Шпион, который меня любил» (1977), «Лунный гонщик» (1979), «Только для твоих глаз» (1981), «Осьминожка» (1983) және «Вид на убийство» (1985) атты жеті фильмде агент 007 рөлін сомдады.

 

 

Талқылау