Джейкобс: Головкинді жеңдім деп ойладым
Бүгін 12 раундқа созылған жекпе-жекте Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған америкалық Дэниэл Джейкобс төрешілер шешімімен келіспей отыр, деп хабарлайды Stan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жеттім деп ойладым, тым болмағанда екі раундта. Бірақ, бұл бокс. Әлбетте, ол маған қарағанда танымал», – дейді Джейкобс жекпе-жектен кейін берген сұхбатында.
Естеріңізге салып өтсек, отандасымыздың америкалыққа қарсы жекпе-жегі бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Жекпе-жек 12 раунд бойы жалғасты. Төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз:
Головкин: Сауль Альвареспен жұдырықтасуға дайынмын
Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің толық видеосы шықты (видео)
Головкин Джейкобс туралы: Ол сүйікті боксшым, мен оны жермен жексен ете алмаймын
Талқылау