Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джей Лоның өзі ентігіп қалды": Айқын Төлепберген Садраддинге қолдау білдірді

айкын садраддинФото: Stan.kz

Танымал әнші Айқын Төлепберген әріптесі Садраддинге қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің концертіне қатысқан еді. Алайда желі қолданушылары Садраддиннің өнерін сынға алып, “Жанды дауыста айта алмайды” деп сынаған еді. 

“Садр шаршап қалған екен”, “Ол бала болса, әнді балабақшада айтсын”, “Джей Ло да сол сахнада ән айтты”, “Садраддиндер әнші емес”, “Фонограммамен айтып үйреніп қалғандар”, “Стадионға бірінші рет шығып тұрған сияқты”, – деп жазды көпшілік.



Желідегі даудан кейін сахнада 20 жылдан бері ән айтып жүрген Айқын Төлепберген халыққа үндеу жасады. 

“Садраддинге тиісетіндерді түсінбеймін. Стадионның алдында жанды дауыста ән айтқасын неше түрлі жағдай болады. Өзіміздің де басымыздан өткен. Стадион студья емес. Джей Лоның өзі де жанды дауыста ән айтып, қиналып қалды. Бірақ оны камераға түсірмеді. Шетелдік әншілер дауыстарын алдын ала жазады. Сосын барып, халыққа таратады. Алдымен тазалап алады. Халық Садраддинді сөз етіп жатыр. Негізі, ұйымдастырушылардың кінәсі деп айтар едім. Өйткені ол жақтағы көрерменнің жасы 35-тен асқандар. Олар Садрды баласымен жасты адам көреді. Сондықтан халық жөнді қабылдамады. Садрдың тыңдарманы – жастар. Ол мықты әнші”, – деді Айқын. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 11:11
Талқылау