Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джервонта Дэвис блогер Джейк Полмен жекпе-жек өткізеді

Фото: фотоколлаж/Getty Images Sport

WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Джервонта "Танк" Дэвис танымал блогер әрі боксшы Джейк Полға қарсы жекпе-жек өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу қарашаның 14-нен 15-не қараған түні өтеді және Netflix платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашында Пол Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізуді немесе титулдық мүмкіндік алуды ойластырған еді. Дегенмен Джошуа қазіргі чемпион болғандықтан, бұл бокс әлемінде түрлі жағымсыз пікірлер тудырды. Айтылғандай, боксшылардың салмақ айырмашылығы шамамен 30 келіні құрайды, сондықтан бұл кездесу ресми мәртебеге ие болмайды.

Бокс әлемінде Дэвистің шешімі сынға алынды: оны Ламонт Роучпен реванштан бас тартып, спорттық бәсекеден гөрі қаржылық табысты таңдады деп айыптады. Бірқатар сарапшылар, соның ішінде бұрынғы чемпион Тони Беллью, алдағы айқасты "цирк" деп атады.

Инсайдерлердің мәліметінше, Джервонта бұл кездесуден 30–40 миллион доллар көлемінде табыс табуы мүмкін, ал Роучпен реванш оған 8 миллионнан аспайтын пайда әкелетін еді. Промоутер Эдди Хирн мұндай шоулар бүгінде бокста негізгі қаржы көзін қалыптастыратынын, сынға қарамастан көрермендер қызығушылығын арттыратынын атап өтті.

Осылайша, Дэвис пен Полдың айқасы жыл оқиғаларының бірі болмақ, әрі "фрик-жекпе-жектердің" бокс индустриясында барған сайын маңызды орын алып келе жатқанын тағы да көрсетіп отыр.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 22 Тамыз, 2025 20:19
Талқылау