Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чанның әлемге әйгілі фильмінің жалғасы Маңғыстауда түсірілуі мүмкін

Фото: Getty Images

Джеки Чан түскен "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің жалғасы Маңғыстауда түсірілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстың туризм басқармасының ақпаратына сәйкес, "Доспехи Бога: Ультиматум" жобасының тобы Ақтауға келіп, локацияларды зерттеп жатыр.

1986 жылы алғашқы бөлігі жарық көрген "Доспехи Бога: Ультиматум" франшизасы Джеки Чанның фильмографиясындағы ең танымал картиналардың бірі саналады. Жыл сайын жобаға деген қызығушылық артуда. Егер түсірілім Маңғыстауда өтсе, бұл Қазақстан киноиндустриясы үшін маңызды оқиға болмақ.

Түсірілім тобы Маңғыстау облысының әкімімен кездесіп, өңірде түсірілім процесін жүргізу үшін қажетті ұйымдастыру мәселелері мен қолдау шараларын талқылады.

Егер жоба толық бекітілсе, Маңғыстау әлемдік кинематография тарихына енуді және Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмде алғаш рет бой көрсетуді мүмкін.

"Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің режиссері Роберт Кун да әлеуметтік желілерде Ақтауға келгенін хабарлады.

Еске салсақ, Айта кетейік, бұған дейін әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келген болатын. Кейінірек оның сапарының мақсаты белгілі болды. Salem Entertainment мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдаған.

Ал белгілі қазақстандық актер Рүстем Омаров Джеки Чанның Алматыда түсірілетін халықаралық жобасына қосылды. Ол "Доспехи Бога: Ультиматум" атты жаңа фильмде актер әрі сценарист ретінде бой көрсететіні айтылған еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 19:42
Талқылау