Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джах Калиб қазақстандық әншілердің неге шетелде тез танылатынын түсіндірді

Қазақстан халқы Данэлия Төлешованы Украинадағы “Голос. Дети” шоуындағы жеңісімен құттықтап жатыр. Алайда отандық таланттардың өз елімізде емес, шетелде танымал боп шыға келетіні халықты мазалап отыр. Бұл сұрақтың жауабын танымал қазақстандық рэпер Джах Калиб беруге тырысты.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Данэлия бұған дейін де отандық байқауларда бағын сынап көрген. Алайда оның есімі қалың көпшілікке Украинадағы шоудан кейін белгілі болды. Джах Калибтің пікірінше, бұл мәселеге оңды көзқараспен қараған дұрыс.

“Шетел асып, жетістікке жетеміз. Ал жастар бізге қарап өседі, өздеріне сене бастайды. Бұл жеңіліске жатпайды, жалпы кез келген нәрсеге оңды көзқараспен қарау керек”, – дейді ол.

Рэпердің пікірінше, қазақстандық шоу-бизнес енді ғана тәй-тәй басып, дамып келе жатыр. Сондықтан да оны Ресей, АҚШ немесе Қытаймен салыстыруға келмейді. Ол жақта мүмкіндік көп. Дегенмен бұл шығармашылықты тастап кетуге себеп емес, дейді Калиб. Сондықтан да ол жаңа альбомын әзірлеуге кіріскен.

Рэпер жаңа ән жинағын қаңтар айының соңында шығаруды жоспарлап отыр. Әрі қарай Джах Калиб әлемдік турнеге аттанбақ.

“Ақпан айынан бастап Рамазан айына дейін 43 концерт беремін. Күзде АҚШ-ты аралаймын, кейін Ресей, Украинада концерт бермек ойым бар”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаеваның ене атанатыны рас па?

Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді

Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)

Сәкен Майғазиев: “Құдайға да жақсы адам керек” деген сөзді айтпаңыздар

Талқылау