Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Қазақстандағы коронавирус жағдайы жақсарып келеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстанда коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры доктор Дорит Ницзан айтып берді. Оның сөзінше, статистиканы классификациялау жағдайдың нашарлағанын білдірмейді. Бұл тек емдеу шараларын жақсарту үшін жасалуда.
"Қазақстандағы коронавирус жағдайы біздің кеңесте алынған мәліметтерге қарағанда жақсарып келеді. Соңғы екі аптада жағдайдың үштен бірі тіркелген болса да, құлдырау байқалады. Мемлекет санитарлық шаралар қолданып жатыр. Сондай-ақ науқастарды тестілеу мен емдеу, инфекцияны бақылау шарасын жақсартып жатыр. Әсіресе Қазақстан пневмония анықталмаған науқастарды тестілеуден өткізуге келісті. Біз мұны барлық елде жасауды ұсынамыз", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні белгілі болған. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстанда 230 мыңнан астам пневмониямен ауыратын науқас тіркеліп, оның 3 мыңнан астамы көз жұмғаны анықталды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
