Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Covid-19 жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны үш есе өседі: Коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды

Қазақстанда пневмония мен коронавирус статистикасы біріктірілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифинг барысында мәлім етті. Ол бұл шешім дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып қабылданғанын жеткізді. Министрдің сөзінше,  пневмония мен коронавирустың статистикасын біріктіру алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс көлемін арттыруға алып келеді. 

"Қазақстан Республикасының министрлігі тарапынан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан коронавирус инфекциясын классификациялау туралы келісім алынды. Осы уақытқа дейін Қазақстанда басқа мемлекеттерде секілді тек лабораториялық тұрғыда ғана дәлелденген оқиғалар есепке алынған.  Сонымен қатар, маусым айының соңына қарай, елімізде белгісіз пневмониямен ауырғандардың саны артқан. Коронавирус статистикасы енді екі тармақ бойынша жүргізіледі. Бірі лабораториялық түрде анықталған коронавирус болса, екіншісі симптомдары ұқсас вирусты пневмониямен ауырғандар саны есепке алынбақ", - дейді Цой.

Министр коронавирус пен пневмония статистикасы 1 тамыздан бастап біріктірілетінін жеткізген. Ол маусымның үшінші онкүндігінен бастап Қазақстанда вирустық пневмонияның көбеюі байқалғанын,алайда олардың зертханалық түрде расталмағанын айтты.

"Халықаралық аурудың жіктелуінің жаңа кодтарын қолдана отырып, COVID-19 кодтауға толық көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы коронавирустық пандемия туралы статистиканы анықтау міндетін қойды. Коронавирустық жағдайлардың жалпы қабылданған статистикалық есебіне қосымша пневмонияға назар аудару қажет. Осыған байланысты, COVID-19 және пневмония жағдайлары туралы деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады. ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросымен өткізілген техникалық кеңестерді ескере отырып, біз ауруларды халықаралық жіктеудің жаңа кодтарын қолдана отырып, COVID-19 жағдайларын кодтауға және тіркеуге көшуді шештік", - дейді Цой.

Ол Қазақстан коронавирус жұқтырғандардың сатистикасы бойынша әлемде алдыңғы қатарға шығатынын жеткізді. Жинақталған клиникалық тәжірибеден денсаулық сақтау министрлігі коронавирус және пневмония ауруларының ұқсастығын атап өтеді, сондықтан департамент оларды емдеу тактикасында біркелкі тәсілдерді қолдану қажет деп санайды.

"Осылайша, зертханалық расталған COVID-19 жағдайлары пневмония жағдайымен, теріс ПТР тестімен, бірақ COVID-19 клиникалық және эпидемиологиялық белгілерімен біріктіріледі. Жинақталған клиникалық тәжірибеден біз осы аурулардың ағымының ұқсастығын және соның салдарынан оларды емдеу тактикасына біркелкі көзқарастарды қолдану қажеттілігін атап өтеміз. Биылғы жылдың 11 шілдесінде Денсаулық сақтау министрлігіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан COVID-19 жағдайын жаңа форматта жіктеу және тіркеу туралы ресми хабарлама келіп түскенін хабарлаймын. Осы уақытқа дейін Қазақстанда, көптеген елдердегідей, тек зертханалық расталған COVID-19 жағдайлары тіркелді.Сонымен қатар, маусымның үшінші онкүндігінен вирустық пневмонияның жоғарылауы патогенді көрсетпестен, яғни зертханалық расталмаған. COVID-19 ауруы мен өлім статистикасы екі дереккөзден жасалады: зертханалық расталған COVID-19 және анықталмаған вирустық пневмония", - дейді министр. 

Сонымен қатар, Алексей Цой бұл деректерді жаңарту еліміз үшін қандай мүмкіндіктер туғызатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл тәсіл аурудың алдын-ала дұрыс болжамын жасауға, қажетті ресурстарды, медициналық персоналды, төсек орындарын, медициналық техниканы, дәрі-дәрмектерді дұрыс жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Денсаулық сақтау министрлігі деректерді тіркеу тәсілдерінің өзгеруі коронавирус инфекциясынан болатын аурушаңдық пен өлімнің халықаралық рейтингіндегі Қазақстанның позициясының төмендеуіне алып келетінін түсінеді. Сондай-ақ, бұл әдіс аурудың алдын алу үшін дұрыс болжам жасауға, қажет ресурстарды, медициналық персоналды, төсек орындарын, медициналық техниканы, дәрі-дәрмектерді дұрыс жоспарлауға, статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Жалпы алғанда, 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында Қазақстанда 234 187 пневмония жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген аурулар саны 3,3 есе өсіп, 70 926 жағдайды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 66 мыңнан асқан

Талқылау