Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дүниеге ханшайым келді": Гүлзира Айдарбекова жұрттан сүйінші сұрады

Гүлзира Айдарбекова немерелі болдыФото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртас қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші хабарды өнер иесінің анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған, бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгерім келініміз дәл қазір бір Ханшайымды өмірге алып келді. Өмірімнің бір бөлігі құрметті менің оқырмандарым, көп тілеуі көл деген, өмір есігін қазір ғана ашқан немеремізге жүрекжарды дұға, тілек күтемін өздеріңізден! Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Аллаға сансыз шүкірлер, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!” – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың інісі Заңғар ұлды болғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 05 Қаңтар, 2026 14:39