Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайда бейтаныс еркектің санынан ұстап алған азамат сотталып кетті

Дубай соты бейтаныс азаматтың санынан ұстап алған 27 жастағы шотландиялық азаматты тұтқынға алды. Джейми Харрон ерсі әрекеті үшін айыпты деп танылып, үш айға түрмеге тоғытылды.

Бұл туралы BBC басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Харрон сусынын төгіп алмау үшін бейтаныс азаматтың аяғынан ұстауға мәжбүр болғанын, мұны арам оймен жасамағанын айтады. Соған қарамастан, Біріккен Араб Әмірліктері оны кінәлі деп тапқан.

Харрон бұған дейін де сыра ішкені үшін бір ай түрмеге отырып шыққан.

Шотландиялық азаматқа бұдан өзге де айыптар тағылуы мүмкін (ішімдік ішкені және әдепсіз қылық көрсеткені үшін).

Қызығы сол, алғашқыда Харонның үстінен арыз түсірген арабиялық кәсіпкер кейіннен шағымын қайтып алған. Алайда жергілікті прокуратура мұны істі жабуға жеткіліксіз дәйек деп тапқан.

Харрон отанына оралған соң сотқа қарсы шағым түсірмек. Себебі ол БАӘ сотының әділдігіне күмән келтіре бастағанын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды

Ислам Каримовтың қызы кеудесі «жалаңаш» түскен суретін жариялады

АҚШ Солтүстік Кореяның ядролық соққысына әзірленіп жатыр

Талқылау