Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубай әуежайы COVID-19-ды анықтау үшін иттерді қолдана бастады

Дубай билігі қазір әуежайда коронавируспен күресуге көмектесу үшін иттермен, оларды дайындайтын мамандарды тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

"Иттердің міндеті - коронавируспен ауыратын жолаушыларды анықтау. Зерттеу барысында олардың иіс сезу дәлдігі 92 пайызды құраған. 

Иттердің иіс сезуі адамға қарағанда бірнеше есе өткір, сондықтан ол көбінесе бомба немесе есірткі табу үшін қолданылады.

Иттерді коронавирусты анықтауға үйрету ауыр және ұзақ  процес, ол үшін зертхана, арнайы жабдық және науқас адамдардың терісі қажет.


Атыраудағы қара түтін шашып жүрген ұшақ туралы жергілікті әуежай басшысы айтып берді


Дубай әуежайы бірінші болып иттерді коронавируспен күресу үшін қолдануға шешім қабылдады. Олар адамдармен байланыс орнатпай қашықтан жұмыс істейді.

Дубай туристер үшін шілде айында ашылды. Саяхатшылардан сапарға дейін кемінде 96 сағат бұрын  алынған COVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама қажет.

Талқылау