Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Достарының көз алдында суға батқан: Елордалық "Хан Шатырдағы" бассейнде суға батып кеткен қыздың ісі тоқтатылды

Елордалық сауда орталығының біріндегі бассейнінде 1-сынып оқушысының қайтыс болғанына жылдан аса уақыт өтті. Бірақ кінәлілер жазаланбаған, дәлелдер де, қылмыстық құрам да жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды. 

хан

Өткен жылдың 3 маусымында елордадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде  8 жастағы Ажар Қабулова суға батып кеткен еді. Қайғылы оқиға қыздың достарының және жетекшілерінің көз алдында болған. 24 жетекші мен бейнебақылау қызметі қосулы болса да қызды ешкім құтқарып қала алмаған. 

Қаза тапқан қыздың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау бойынша азаматтық іс жүріп жатыр. Бірақ жауапкерлердің сөздері үнемі өзгеріп отыр. Алдымен мектеп директоры дұрыс емес ақпаратты таратқаны үшін кешірім сұрады, кейіннен сынып жетекшісінің сөздеріне ергенін айтты, ал кейінірек мұндай әңгіменің болмағанын мәлімдеген.

"Мектептегілер таңертең тірі алып кеткен қызымды екі күннен соң мәйітханадан алдым", - дейді қайғыдан қан жұтқан әке Ермек Қабулов.

Ермек Қабулов қызының өлімінен кейінгі күні мектеп қызметкерлер тарапынан психологиялық қысым болғанын мойындады. Басқа жағдайда бұл істі қайғылы оқиға деп түсіндіруге болар ма еді. Одан кейін осы іске жауапты тұлғалар Қабуловтар әулетіне ақшалай көмек болатынын айтқандардың растады. Бірақ қорғаушының айтуынша бұл сөздер еш негізге сай келмейді. 

Сондай-ақ бұл істе күмән келтіретін тұстар көп. Әсіресе мектеп директорының сөзі жиі өзгерген. Қорғаушы Олег Саакянның айтуынша мектеп дидекторы әкімшілік протоколға қол қойған. Кейін жоғары жақтан қысым көрсетілгенін айтқан. Ал кейіннен қандай құжатқа қол қойғанын оқымағанын айтқан. Кейбір басылымдарға шыққан ақпарат бойынша мектеп директорының үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған екен. 

Келесі сот отырысы 27 шілдеге жоспарланған. Қорғаушы Олег Саакян істің барынша әділ өтуін, барлық күдіктілердің бой көсетуін және онлайн режимдегі сот процесінде ешқандай заң бұзушылық жол берілмеуін қадағалайтынын айтты. Өйткені жауап бергісі келмеген сұраққа күдікті байланыстың нашарлығын айтып құтылып кетуі мүмкін. 

Осы іске қатысты №10 мектеп-гимназиясының дидекторы пікір білдіруден бас тартқан. Бірінші сынып оқушысының өлімі үшін кім жауап беретіні әзірге белгісіз. 

Талқылау