Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досаев кімдердің несие қарызы өтелмейтінін айтты

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев кімдердің несие қарызы өтелмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. КТК арнасына сілтеме жасап. 

Досаев кімдердің несие қарызы өтелмейтінін айтты

"Қарыз алғандар үшін айыппұлдар мен өсімін банктер шілде айының соңына дейін есептен шығарады. Ал, сатылғандардың уақыты өтті. Банк баланста қалғандармен жұмыс істейді", - деді ұлттық банк басшысы.

Досаевтың айтуынша кешіктірілген займның өсімі үшін 5 миллион адамның айыппұлы өтеледі. Бірақ борышкерлермен жұмыс істеу үшін агенттіктерге сатылған проблемалық несиелер бар. Бұлармен ештеңе жасалмайды. Көптеген банктер, өз ақшаларын қайтару үшін коллекторларға жүгінеді. Олар ұзақ уақыт бойы төленбеген борыштық міндеттемелерді сатады.

Әрі қарай, коллекторлар  қарызды өздері өтейді. Мұндай жинау фирмаларының тізімінде табысы аз отбасылардың қаншасы бар екенін және осыған байланысты олар несиелік рақымшылыққа ілінбей қала ма деген мәселені Ұлттық банк басшысы түсіндірген жоқ.

Талқылау