Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп Путинге қарағанда "Зеленскиймен келісімге келу әлдеқайда қиын" екенін айтты

Трамп Зеленский туралы

Фото: Brian Snyder / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленский туралы тағы да сын айтып, NBC News телеарнасына берген сұхбатында украин көшбасшысымен келісу Владимир Путин-мен келісуден әлдеқайда қиын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Трамп бұл пікірін бірнеше еуропалық көшбасшы оның ресейлік мұнайға қарсы санкцияларды уақытша тоқтату шешімін сынағанына қатысты журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

АҚШ Иранға қарсы әскери науқан басталғаннан кейін күрт қымбаттаған энергия тасымалдаушыларының бағасын төмендету үшін танкерлерде тұрған ресейлік мұнайды сатуға рұқсат берді. Ақ үй басшысы "әлемге тек мұнай бергім келеді" деді.

Одан кейін ол Украина президентін сынға алды.

"Зеленскийдің келісімге келгісі келмейтініне таңғаламын. Зеленскийге айтыңдар, келісімге барсын, өйткені Путин келісімге баруға дайын", – деді Трамп. 

Ресей Донбасс аумағынан украин әскерін толық шығаруды талап етіп келеді, ал Украина мұны қабылдауға болмайды деп санайды. АҚШ, Ресей және Украина қатысуы тиіс үшжақты бейбіт келіссөздер Таяу Шығыстағы жаңа соғысқа байланысты кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар NBC News арнасына берген сұхбатында Трамп Киевтің Вашингтонға ирандық дрондармен күресуге көмектесу туралы ұсынысын да қабылдамады. Ол "бізге ешқандай көмек қажет емес" деп мәлімдеді. 

"Бізге көмегі керек соңғы адам – Зеленский", – дейді АҚШ басшысы. 

Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 17:02