Доллар бағамы 280 теңге: Сарапшылар 2017 жылы Қазақстанда болатын өзгерістерді болжады
Сәрсенбі күні ұлттық валюта құнсыздана түсті. Апта басынан бері теңге бірнеше позициясын жоғалтты. Таңертең айырбастау орындарында бір доллар үшін 333 теңге сұрады. Кешке 333 теңге 70 тиын болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Сондай-ақ мұнай бағасының қымбаттауы 4 айдан бергі рекордттық деңгейге жетті. Келер жылы теңге бағамының қалай өзгеретіні белгісіз. Экономистердің бұл турасындағы пікірі әр алуан. Бірі маңызды қадамдар болатынын атаса, бірі экономикамыздың соңынан теңгенің күшіне енетінін айтып, доллардың 280 теңгеге түсетінін айтты.
ОПЕК елдері өзара келіскен. Ал, ірі мұнай экспорттаушылар ОПЕК-пен тіл табысып, қаңтардан бастап өндірісті қысқартуға келісті. Болжам бойынша, мұнайдың баррелі 45 доллардан кем түспейді. Бағасы шарықтап та кетпейді, бірақ арзандамайды да.
«Мен теңге айтарлықтай күшіне енеді деп ойламаймын. Қазіргі теңге бағамының рубльмен, юаньмен, доллармен қатынасы оның құнсызданып не өсіп кетпеуі үшін нағыз өз күшінде тұр», – дейді экономист Айдархан Құсайынов.
«Біз бен Ресей экономикасы бірімен айтарлықтай тығыз байланысты. Мынадай болжам бар. Егер мұнай бағасы 62-65-ке дейін қымбаттай беретін болса, теңгені 280 доллардан алатын боламыз», – дейді «Фридом Финанс» АҚ сараптау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов.
Сарапшылар курс тұрақтанғанда теңгеге көңіл бөлуге кеңес береді. Бұл теңгемен депозит ашу мен қазақстандық компания акцияларын сатып алуды білдіреді. Алайда, 2017 жылы банк секторында біршама өзгерістер болуы мүмкін. Ақша сақталып қана қоймай көбеюі де мүмкін.
«Ішкі нарық көрінісі жақсы болса, инвесторлардың акцияларынан, активтерінен бас тартуына еш негіз жоқ. Біз телекомдардың қайта жасалып жатқанын көріп отырмыз. Шикізат өндірісінің нарық фавориті болып қала береді», – дейді Ерлан Әбдікәрімов.
Бұған дейін Ұлттық банк келеңсіздіктердің артта қалғанын айтқан еді. Данияр Ақышевтің айтуынша, осы жылғы қаржылық қиындықтар алдағы жылы қайталабайды.
Жіберіп алмаңыз:
Шілдеден бастап ең аз зейнетақы 45 711 теңге болады