Теңге тағы құнсызданды: Доллар ақша айырбастау пунктерінде 540 теңгеге сатылып жатыр

Фото: Stan.kz/AI ChatGPT арқылы жасалды
Доллар өзінің тарихи рекордын жаңартып жатыр. Ал Қазақстанның ұлттық валютасы күн санап құлдырап барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kaspi банкте доллар 541 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынып жатыр. Оны БанкЦентрКредиттен сәл арзанырақ, яғни 539,28 теңгеге сатып алуға болады.
Дегенмен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің көпшілігінде бағам 1 доллар үшін 540 теңгеден асады.

Фото: Скрин kurs.kz
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында теңгенің болашағына қатысты болжамын айтып, доллар бағамы орташа 540 теңге болғанын жеткізген еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан