Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы 440 теңгеге жетеді: Қазақстан экономикасы алдағы 1-2 жылда қалпына келмейтін сияқты

Коронавирус басталғалы тұралап қалған Қазақстан экономикасы алдағы 1-2 жылда қалпына келмейтін сияқты. Баға өсіп, теңге құнсыздана бермек. Елдегі өте беделді сарапшылар ел экономикасына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Халық қиналатын кезде мемлекет өз құзырындағы банктік базалық мөлшерлемені де төмендетпеуі мүмкін екен. Сарапшылар алдағы бір жылда экономика коронавирусқа дейінгі деңгейге орала алмайды деп отыр. Он екі айда инфляция 8 пайызға жуықтап, ұлттық валютаны долларға шаққандағы айырбас бағамы 440 теңгеге жетуі мүмкін екен. Сондай-ақ, ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 9% деңгейінде қалуы мүмкін. Осы базалық мөлшерлемеге сәйкес екінші деңгейлі банктердің халыққа беретін несиесінің пайызы да өзгеріп отырады. Яғни, бұл көрсеткіш төмендеген сайын азаматтар алатын несие тиімді болады деген сөз. Алайда, қазіргі жағдайда олай жасауға инфляцияның жоғары болуы кедергі болып отыр екен. 


"Базалық мөлшерлеменің инфляциядан төмен болуы көптеген экономикалық мәселелерге алып келуі мүмкін. Мысалы депозиттерді қарастырайық. Егер базалық мөлшерлеме инфляциядан төмен болатын болса, депозиттердің де табысы төмендеуі мүмкін", - дейді мамандар. 

Теңгелік депозитке сұраныс болмаса, артынша ұлттық валютаның да құнсыздануы әбден мүмкін. Алайда, соған қарамастан пандемия кезінде экономиканы қолдау үшін Норвегия, АҚШ сында елдер базалық мөлшерлемені 0%-ға дейін төмендетіп тастаған. Көршілес елдердің ішінде бұл көрсеткіш Өзбекстенда ғана бізден жоғары екен. Айналып келгенде экономика қалпына келу үшін карантинде жұмысы шеттелген өнеркәсіп пен бизнес аяғына тұруы тиіс. Бірақ экономистер ол үшін де уақыт керек деп отыр.

"Коронавирустың салдарынан дүниеден өтіп кеткен қаншама кәсіби мамандар болды. Олардың орнын бірнеше жылда толтыра салу мүмкін емес. Экономикамыздың қалыпқа келуіне екі немесе үш жылдай уақыт өтетіні анық", - дейді экономист Мақсат Халық.

Мамандар Ресейге қарсы салынатын санкциялардың салқынын қазақстандықтар да сезінуі мүмкін дейді. Өткені көрші елдің рублі құнсызданса, артынша теңгені де бағамы өзгеретіні белгілі. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тоқаев пандемияның Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр