Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19 әлемдік экономикаға 8,3 триллион доллар шығын әкелді

Пандемия мен шектеу шараларының салдары әлемдік экономикаға 8,3 триллион доллар шығын әкеліп, 147 миллион адамды жұмыссыз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сидней университетінің бір топ ғалымдарының пікірінше, әсіресе Азия, Еуропа және Солтүстік Америкада ұшулар тоқтатылып, жабық шекаралар болғандықтан туризм саласы ең көп зардап шекті.

Жеткізу тізбегінің үзілуі әлемдік саудаға, энергетика мен қаржы секторына теріс әсер етті. Қоршаған ортаға карантин жақсы әсер етіп, планетаның ең ластанған бөліктері тазара бастады. Алайда ғалымдар көптеген елдерде карантиндік шаралар жалғасқан сайын жаһандық шығындар арта түседі дейді. Ғалымдардың айтуынша, карантиннің тым ерте әлсіреуі одан бетер ауыр және ұзақ мерзімді экономикалық құлдырауға әкеледі дейді.

Зерттеушілердің пікірінше, жаһандық экономикалық дағдарыс әлемдік экономиканың өзара байланысты болуына байланысты дейді. Бүкіл әлем бойынша 147 миллионнан астам адам жұмыстан босатылды, нәтижесінде жалақы кірісі 2,1 триллион долларға азайды. Әлем халқының тұтыну шығындары 3,8 триллион долларға азайды.

 

Талқылау