Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзбояушылықтан толығымен ада болуы қажет": Тоқаев мемлекеттік басқаруды қайта құру туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысында Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі қайта жаңғыртылады деп мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі Қазақстан халқына адал, шынайы қызмет етуі керек екенін айтты. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесін – мемлекеттік қызметтен жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне дейін іс жүзінде қайта құру қажет", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі бағдарламалар мен реформалардың дәйектілігін және өзара сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті.

"Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі догматизм мен көзбояушылықтан толық ада болуы қажет. Сұлу сөз қаншалықты аз болса, мазмұны соншалық бай болады. Ол атқарушыларға іс-қимыл еркіндігін беру үшін өте прагматикалық болуы тиіс. Атқарушыларға қосымша жұмыс жүктемеу аса маңызды. Яғни, басқа нақты істерге нұқсан келтірмеу үшін бұл бағыттағы жұмыстарға күш түсірмеу керек. Үкімет сарапшылардың қоғамдастығымен және жұртшылықпен тығыз ықпалдастықта жұмыс істеуі тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік жоспарлау реформасы жүйесінде цифрландыруды жеделдету мәселесіне баса мән беруді тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік органдар жүзеге асырып жатқан құжаттар мен бағдарламалардың барлық сатысына талдау жасау қажет.

Мемлекет басшысы сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау мәселелеріне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев судья лауазымына әрбір тағайындау судьялар корпусында өткір пікірталастар мен айыптаулар тудыратынын айтты.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Желтоқсан, 2020 08:52
Талқылау