Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дизель отынына талас": Министрлік Алматыдағы жанжалдың видеосына түсініктеме берді

ҚР Энергетика министрлігі дизельге тасақандардың видеосына қатысты түсініктеме берді. Бұл видео 31 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауылында түсірілгенін және бұл оқиғаның жанжал салдарынан орын алғаны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Төбелеске жанар-жағармай құю бекетінің тұтынушылары кезегін күтіп тұрған кездегі ауызша жанжал себеп болған. Жанармай құю бекетінің басқа тұтынушыларының араласуының арқасында жанжал бірден тоқтатылды, төбелес жанармай құю бекетінің және басқа тұтынушылардың жұмысына әсер етпеді, дауға қатысушылардың ешқайсысы полицияға жүгінбеген”, – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қыркүйектің 2-сі күні желіде Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде дизельді отынға байланысты жүк көліктерінің жүргізушілері төбелескені туралы видео пайда болды.

27 тамызда Энергетика министрлігі мен ірі жанармай құю станциялары желісі қазақстандықтардың дизельдік отын мәселелері бойынша шағымдары мен өтініштерін қабылдайтын сенім телефонын іске қосты.

Талқылау