Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағдарламаға қатысып, миллиондар алған: Ақмола облысында жалған мұғалімдер анықталды

Ақмола облысының прокуратурасы "Дипломмен – ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша сабақ беріп қана қоймай, миллиондаған жәрдемақы алған жалған дипломы бар мұғалімдерді анықтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қадағалау органының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік беретіні атап өтілген. 

Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда "мамандар" деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда. Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.



“2021ж. "К" жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022ж. мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды). Айта кету керек, "К" 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды оқытқан. Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 "маман"пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада.

Жауапты орган мұндай "маманды" жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді және бюджет қаражатын ұрлауға жағдай жасайтынын атап өтеді.

Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдары барлық анықталған фактілер бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Талқылау