Дінтанушылар: Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс
Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс. Мұсылмандар діни басқармасы мен Ғұламалар кеңесі зират орнатуға қатысты жаңа ережелер енгізуде бір байламға келген.
Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.
“Шариғат бойынша адамның бейнесін қашап, бюст, ескерткіш орнатуға болмайды. Жарты ай бейнеленіп, қайтыс болған адамның аты-жөні, туған жылы мен өлген уақыты жазылады. Біз қазір ҚМДБ-сы, оның ішінде Ғұламалар кеңесі еліміздің батыс өңірінде ескіден сақталған ою-өрнекті сағана тастарды негізгі үлгі ретінде алып отырмыз”, – дейді ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы Мұқан Ихсан.
Зират мәселесіне қатысты қала тұрғындары да пікір білдірген-ді. Олардың көпшілігі “зираттың қарапайым болғаны” дұрыс дейді.
“Кесене орнаттың не, орнатпадың не, оның кеудесінен Аллах-Тағалла аманатын алып кетті, рухын алып кетті”, Кейінгі кезде суретін қоюға болмайды деп естіп жатамыз. Бірақ артымызда қалатын ұрпақтарға кейін көрсеткенге, бейітін қалай табуға болатынын білу үшін жаңағы суреті болғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал өлген адамның суреті қашалып, ескерткіш орнатылатын, қымбат тастардан қаланып, зәулім зираттар салынатын елде ғұламалар бәтуәсі орындала ма?” дейді пікір білдірушілер.
Жіберіп алмаңыз:
Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты
Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды
Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)
Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды