Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни экстремистер қолданып жатыр: Интернет істемегені үшін қазақстандықтардан кешірім сұралды

"Нұр-Сұлтан қаласында кибер жаттығулар өткізу" мәселесінде сертификаттарды қолдануға қатысты ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кибер қауіпсіздікте сертификаттар қолдану кезінде адамның жеке деректері үшінші тұлғаға қолжетімді болуы мүмкін. Алайда Әбдіқалықов бұл шаралар ақпарат тарату арналарын кәдімгі діни экстремистер қолданып жатқандықтан жүзеге асқанын жеткізді. 

"Кибер оқулар аясында электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілеріне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектілеріне жасалған шабыуылдар тексеріліп жатыр. Бұлардың қатарына мемлекеттік интернет-ресурстарды бұзу, әлеуметтік желілерде дұрыс емес ақпараттар тарату сынды кибер әрекеттер жатады. Неліктен қауіпсіздік сертификаты кибер оқытуға қолданылып жатыр? Пандемия кезінде әлеуметтік желілерде таралатын, елдің заңнамасын бұзатын анық емес мәліметтер саны көбейгенін нақтылағымыз келеді. Шындыққа мүмкіндігінше жақындау үшін бұл ақпарат тарату арналарын кәдімгі діни экстремистер қолданады, сондықтан мемлекеттік органдардың міндеті оны уақытында анықтау, локализациялау және нүктелік шектеуді жүзеге асыру болды. Сонымен бірге бұл шаралар бүкіл интернет-ресурстың тұрақты жұмысына кедергі келтірмейді", - дейді Әбдіқалықов.

Еске салсақ, Қазақстандықтар тағы да "қауіпсіздік сертификаттарын" қолданатын болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Желтоқсан, 2020 10:22
Талқылау