Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар тағы да "қауіпсіздік сертификаттарын" қолданатын болады

ҰҚК жариялаған "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан - 2020" жаттығулары" нәтижесінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізу мүмкін болмай қалды. Facebook, YouTube және басқа сайттардың жұмысында үзілістер байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы ресурстарға қол жетімділікті сақтау үшін байланыс операторлары "барлық құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнатуды" сұрады. Қазақстан халқы осыдан бір жыл бұрын "сертификат" орнатуға қатысты бірқатар қиындықтарға тап болған.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Нұр-Сұлтанның киберқауіпсіздігі - 2020" тақырыбында бірлескен жаттығулар өткізілетіні туралы хабарлаған. "Қазақстанның сандық кеңістігіне кибершабуылдардың өсуі" бойынша жаттығулар өткізу қажеттілігі туындағанын жеткізді олар. 

"Кибер оқыту кезеңінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізуде түрлі проблемалар туындауы мүмкін, оларды қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болады", - дейді баспасөз қызметі. 

Жаттығудың 6 желтоқсанда басталған. Бірақ қашан аяқталатыны белгісіз. 6 желтоқсаннан бастап елорда тұрғындары әртүрлі шетелдік ақпараттық сайттар мен әлеуметтік желілерге кіре алмай жатыр. 

2019 жылдың шілдесінде Қазақстан билігі қазақстандықтарды Qaznet Trust Network-тің "қауіпсіздік сертификатын" орнатуға шақырды. Алайда өнімді интернет қолданушылары мен сарапшылар сынға алып, бірауыздан "сертификат" киберқауіптен қорғай алмайды, керісінше, бұл жеке деректерді үшінші тұлғаға беруді жеңілдетеді деп ескертті.

"Интернет еркіндігі Қазақстан" жобасының құқық қорғаушысы Елжан Қабышев Азаттыққа берген түсініктемесінде жаңа "қауіпсіздік сертификаты" функционалдылығы жағынан "былтырғыға" ұқсас деп санайды. Сарапшы бұл "қауіпсіздік сертификаты" орнатылған кезде пайдаланушының жеке деректері үшінші тұлғаларға қол жетімді болады деп түсіндіреді.

"Егер сіз құрылғыңызға сертификат орнатсаңыз, құрылғыдағы барлық трафик алдымен осы сертификат арқылы, содан кейін сіз кірген сайттарға өтеді. Яғни, құпия сөздер, ресурстарға кіру тарихы, сертификатта сақталады. Үшінші тұлға сертификат арқылы жеке деректерге қол жеткізуі мүмкін", - дейді Қабышев.

Маман қоғамда не себепті сенімсіздік пайда болғаны туралы айтты. 

"Заңнаманың анықтығы мен айқындылығы туралы сұрақтар туындайды. Өйткені тыйым салынған мазмұнды қарастыратын негіздер анық емес. Осыған сүйене отырып, тыйым салынған материалдар бөлігіндегі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және осындай материалдарға қол жетімділікті шектеу бойынша құқық қолдану практикасы туралы сұрақтар туындайды. Сертификаты бар сайттарға кіруді шектеу қауіпті. Сондықтан, әрине, қоғамда сенімсіздік бар", - дейді сарапшы.

Қабышев мемлекеттік органдардың талабын орындау өте қауіпті екенін айтты.

"Мысалы, бас прокуратураның жеке деректерін жариялағаны үшін ешкім жауапқа тартылған жоқ. Сол сияқты бұл да пилоттық жоба. Ақпарат тарап кеткен жағдайда кім жауапты болады? Осы уақытқа дейін де тәжірибе жасалды. Алайда, тәжірибе сертификаттардың тиімсіз екенін көрсетті. Бірақ мемлекеттік орган қателігі үшін жазаланбады", - дейді Қабышев. 

Талқылау