Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни басқарма Алматыда 5000 теңгеге бола шешінген жастарды айыптады

Алматыда Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың туған айының құрметіне Мәуліт мерекесі атап өтілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұрындық болып өткізген кеште біршама игі істер көрсетілді.

106221_1482818864_890_530_0

Бұл туралы ҚМБД баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы қаласында Алғабас мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Арзан сауда орталығында “Мәуліт” кеші атап өтілді. Ауданның Бас имамы және Алғабас мешітінің Бас имамының құттықтауымен басталған кеш әр-түрлі жастағы көрермен жамағат үшін қызықты викторина түрінде өткізілді.

586079_1482818864_890_530_0

Қатысқан қонақтар ақын Серік Қалиев пен композитор Жарылқасын Дәулет жүрек  жарды лебіздерін айтып, діни өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ Пайғамбарымызға арналған жыр-термелер, мектеп жастағы балалар арасында Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) арналған шығарма бәйгесі және  Пайғамбар мешітінің суретін салудан сайыс өтті.

289634_1482818864_890_530_0

Кеш барысында кіл Мұхаммед есімді балаларға сыйлықтар табыс етіліп, мүшәйра өлең байқауынан озып шыққан балғындар да мерекелік сыйдан құр қалмады.

Кеште сөз алған имамдар 5000 теңгеге бола шешінген жастарды мысалға келтіріп, ұрпақтың азғындамауы керектігін баса атап өтті.

Еске сала кетсек, Алматыдағы  “ADK” ОСО супермаркеті 5000 теңге үшін сатып алушылардан жалаңаш келуін талап еткен болатын. 12 қараша күні Алматыда тұрғындардың тегін азық-түлік үшін шешініп тастағанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан полицейлері 2017 жылы алатаяқ ұстамайтын болды

Доллар бағамы 280 теңге: Сарапшылар 2017 жылы Қазақстанда болатын өзгерістерді болжады

Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын 2 есеге арттыру туралы ұсыныс жасалды

Алматылық полицейлер көлікті тұрақтан өткізіп жіберген жүргізушіні мазақ қылды (видео)

Талқылау