Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицейлер көлікті тұрақтан өткізіп жіберген жүргізушіні мазақ қылды (видео)

Бүгін Алматыда жүргізуші тұраққа қойған көлігін айдап шықпақ болған өзге жүргізушіге жол берді. Ол алдындағы Mercedes-Be көлігінің бағдаршамнан өтіп үлгермейтінін білген сон оған жол береді.

401948_1482472196

Иззат есімді жүргізуші ВАЗ-2107 көлігіне құрмет білдіріп, оның артымен бұрылып өтіп кетуіне жол берді.

Оқиға Жібек жолы мен Қонаев көшелеріннің қиылысында болды.

Осы кезде жанында тұрған полицей көлігінен «Suzuki, бүгін жүресің бе, жоқ па?» деп дүрсе қоя берді. Ол кейін «қызыл крест емес пе?» деп тағы келемеждеді. Мұнысы, ол да біздің қатарда жұмыс істей ме дегені.

Тағы бірнеше диалогтан кейін Иззат оны адамшылық үшін өткізіп жібергенін айтып түсіндіріп бақты. Қайта полицейлердің осылайша үлгі болу керегін ескертті.

Полицей Иззаттың соңынан қуып жүріп, оның әрбір көлікті өткізіп, уақытын құртпауы керегін есіне салды. Иззат көлікті өткізбеген жағдайда бәрібір бағдаршамның қызыл шамы жануына байланысты өтіп үлгермейтінін түсіндірді.

Бастапқыда әлдеқайда асығып бара жатқан полицейлердің соңында асығыстық танытпай қалғаны қызық көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да адам қағып өлтірген полиция басшысының әйелі рақымшылыққа ілігетін болды

Сүйекті өзі жемей 4 күшігіне берген ит жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Велосипедшіні өлімнен көз ілеспес қас-қағым сәт қана арашалап қалды (видео)

Талқылау