Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Діни ағым өкілдері": Атырауда кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Атырауда жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге ақша бопсаламақ болған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото видеодан алынған

Полиция қызметкерлері 1991, 1996, 1996 және 1998 жылы туған 4 күдіктіні кәсіпкерден 2 млн 600 мың теңге алып жатқан сәтінде ұстады.

"Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Топ жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, шамамен 5 миллион теңге ақшасын иемденбек болған. Күдіктілер ұсталып, олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр", – делінген Атырау облысы ПД хабарламасында. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Талқылау