Динара Сәтжан енді кітап жазып, жазушы атанбақшы
Соңғы уақытта өзін сан-түрлі салада сынап жүрген Динара Сәтжан енді жазушы аттанбақшы. Танымал тележүргізуші қалам тербеуіме кәсібімдегі қажеттілік түрткі болды дейді. Себебі, Динараның кітабы анау-мынау емес, бизнес тақырыбында.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Қазақ кәсіпкерлері туралы Қазақстанда кітап өте аз. Мысалы, Меломанға кірсеңіз ол жерде тек шетелдік кәсіпкерлер туралы бизнес кітаптарды оқи аласыз. Сол үшін менің ойымша, осындай кітап керек деп ойладым”, – дейді Динара Сәтжан.
Әр салада кәсібін дөңгелетіп жүрген табысты тележүргізуші өзін еріккенен кітап жазып жүргендер қатарына қоспайды. Себебі, жарық көретін еңбегі – өмірбаяны емес, пайдалы бизнес-кейс болмақ. Ал, туындының мазмұнына жетістікке жеткен қазақстандық арулардың тәжірибесі негіз етілмек.
“Мен 10 кәсіпкер әйелдер туралы жазамын. Алматыда 5 әйелден сұхбат алдым. Оның ішінде Санди Бексырға, Лилия Рах, Аида Кәуменова, Қарашаш Джузеева. Мен өзім де бармын. Мен өзімнің тәжірибем туралы да айтып беремін”, – дейді Сәтжан.
Кітабы жарыққа шыққанға дейін, тележүргізуші табысты атанудың өз құпиясымен бөлісті.
“Менің ойымша оқу да керек, тәжірибе де алу керек, мұғалімдер де керек. Наставник дейді ғой. Соның барлығы керек. Менің ойымша тәжірибе ең бірінші маңызды нәрсе”, – дейді Динара Сәтжан.
Сегіз жылдан астам кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан бикеш, болашақта өзін сан қырынан сынап көруге әзір. Алайда Сәтжан, өзге әріптестері сынды кино түсіруді ақша табудың ұтымды жолы деп есептемейді.
“Қазіргі уақытта, кино түсіру тиімсіз деп ойлаймын. Өйткені киноға барсаңыз тек қана Қазақстанда жасалған кинолар. Конкуренция, бізде кинотеатрлар аз, кино көретін адамдар көп емес”, – дейді Динара Сәтжан.
Ал, Сәтжан ханымның бизнес тақырыбын қаузаған тың туындысы, күзге қарай оқырманның қолына тиеді деп жоспарлануда.
Тағы оқыңыз:
Айгүл Иманбаеваның ұлы чех қызымен көңіл қосты
Бүркіт көптен күткен қызының кіндігін өзі кескен
“Қалаулым” жұлдызы Жанерке: Пиар үшін жігіттің әке-шешесімен танысатын көргенсіз емеспін

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
