Асхат Тарғынның келіншегі: Қызғануға уақытым жоқ

Асхат Тарғын өзінен 12 жас кіші арумен отау құрғанда, әншіні сынағандар көп болды. Алайда әнші жұрттың сөзіне қараған жоқ. Есесіне бүгінде бақытты. Жасаған таңдауына өкінбейді.

асхат тарғын

Асхат үнемі түзде жүргенде түсіністікпен қарап, қас-қабағын бақылап отыратын келіншегіне дән риза. Айтуынша, жұбайы Әлия оның жеке жұмыстарына араласпайды. Бұл туралы “Астана” арнасының “Жұлдыздар отбасында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Отау құрғанымызға бір жылдан асты, ұрысқан емеспіз. Бұл кісі өзінің жұмысын, міндетін біледі. Мен өзім атқаруға тиісті жұмысымды білемін. Мен үйдің тірлігіне, ал ол менің жұмысыма араласпайды.

Өнерде болғаннан кейін көп жүремін. Анда-мұнда кетіп қаламын. Бір жетіге кетіп қаламын. Соның бәріне түсіністікпен қарап жатыр. Бірлесіп шешетін шаруаны ақылдасамыз. Негізі ерлі-зайыптылар әркім өз жұмысын білсе дұрыс болады. Көбінесе қызғаныш болады, шаруасына араласып кетіп жатады. Сол кезде айқай-ұрыс болады”, – дейді Асхат Тарғын.

Бұл орайда әншіге тұрмысқа шыққан Әлия Шегебаева да өз ойымен бөлісті.

“Ешқандай қызғаныш сезімі болмайды. Өйткені оған уақыт та жоқ. Балаға қарау, оның тәрбиесі бар. Баланың тәрбиесімен бесіктен бастап айналысу керек дейді ғой. Көбінесе сағынамыз. Қайта-қайта суретін-видеосын жіберіп тұрады. Әрқашан көңілімді тауып тұрады. Кейде қалжыңдап та қояды. Ақыл айтады, өзім де сұраймын”, – дейді жас келіншек.

Бүгінде Әлия тұңғышы Әл-Фарабидің тәрбиесімен үйде отыр. Алайда Асхат болашақта келіншегінің жұмыс істеуіне қарсы еместігін жеткізді.

“Оқуын бітіре салып алып кеттік, жұмыс істеп үлгермеді. Ал бірақ алдағы уақытта үйде ұстап отырамын деп айта алмаймын. Істегісі келсе, жұмысқа да тұрғызамын. Әлі баламыз кішкентай, сондықтан болашақта”, – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Ұлын аузымен тамақтандырған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)

Әнші Бүркіт ұлт зиялысы Шахановты тірі кезінде бағалауға шақырды

Кино үшін: Ерке Есмахан қасын қырып, шашын қиып тастады

Енемдікі дұрыс: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін 10 жыл бойы жасырып ұстаған енесінің әрекетін қолдайтынын айтты (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар