Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бүркіт ұлт зиялысы Шахановты тірі кезінде бағалауға шақырды

Қазаққа еңбегі сіңген ақын-жазушылардың пендешілігін әшкере етем деп Мұхтар Шахановтың басы дауға қалды. Болған оқиғадан кейін қоғамның пікірі екіге бөлінді. Бір топ Шахановқа қарсы шығып даттаса, екіншілері қорғап әлек, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін Мақпал Жүнісова халық пір тұтатын тұлғаларды айыптаған Шахановты қатал сынға алған еді. Ол Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады. Ал әнші Бүркіттің пікірі бұған қарама-қайшы. Ол Шаханов сияқты ұлт зиялыларын өле-өлгенше ардақтау керектігін айтты.

“Бүгін Мұxтар ағамен xабарласып, қал-жағдайын сұрап шықтым. Біраз отырып әңгімелестік. Қазіргі таңда танымал тұлғалардың сөздерін бұрмалап, елге басқаша жеткізетін журналистердің бары өкінішті! Мұxтар Шаxанов сияқты 100 жылда бір туар ағаларымызды тірі кезде бағалай білейік!” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: 

Ерекше фото: Парижде жерге отыра қалып боянған Тамара Асар жұртты күлдірді

6 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің шоуына қатысып, ресейліктерді таңдай қақтырды (фото)

Динара Сәтжан Мәскеу институтында терезеден құлап кеткен бойжеткен үшін ақша жинауға шақырды

Кәсіпкер Құдайберген Шахановтың журналын қайта шығару үшін ақша жинауға кірісті

Талқылау