Ерекше фото: Парижде жерге отыра қалып боянған Тамара Асар жұртты күлдірді

Францияда саяхаттап жүрген Тамара Асар ерекше фото жариялап, жұртты күлдірді. Ол шаршап қалған жағдайда, Парижде жерге отыра салуға болатынын айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

тамара асар

«Томи-турист… “Каждый француз мечтает пожить в Париже, А каждый парижан мечтает пожить в Шестнадцатом квартале…” – деген Француздардың қанатты сөзі екен. Мен тұрған үй, сол 16 кварталда болды. Көшеде көп жүріп аяғым талса, отыра қалып, боянып, немесе кітап оқып, телефонмен сөйлесіп асықпай отыруға болады. Астанада дәл осылай отырсам, тыңдарманымды біртүрлі ойға қалдырар ма екенмін?» – деп оқырмандырының пікірін сұрады әнші.

Желі оқырмандары мұндай жағдай Астанада қайталанған жағдайда, халықтың біртүрлі қарайтынын ашық айтты. Олар Париж көшесінің тазалығына қайран қалып, Тамара Асардың отырысына ешкімнің мән бермейтініне таңданды.

“Сізді Астанада түсінбей қалады. Әдемі, супер”, “Осы шетелде рахат қой деймін… Кез келген жерде отыра қап түскен суреттер. Қызық екен. Ал бұлай Алматыда отыра қалып боянып отырсаңыз, ешкім сізді дені сауға жатқыза қоймас”, “Қалыпты жай болғаны қандай керемет. Жаныңа бір тыныштық беретін сурет”, – деп пікір білдірді олар.

Оқи отырыңыз: 

Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін ОҚО-ның жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

6 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің шоуына қатысып, ресейліктерді таңдай қақтырды (фото)

“Ринголық” Батыр Байназаров “Аюмиде” өнер көрсеткен Әселді ұзатып алды (фото)

Кино үшін: Ерке Есмахан қасын қырып, шашын қиып тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар