6 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің шоуына қатысып, ресейліктерді таңдай қақтырды (фото)
6 жасар алматылық қыз Ресейде таланттар шоуына қатысып, қазылар алқасын таңдай қақтырды. Кішкентай ғана цирк әртісі Лиэль Махпирова Мәскеуде Максим Галкиннің «Лучше всех» шоуына қатысты.

Аталған бағдарлама Бірінші арна эфирінен көрсетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жас цирк әртісі «Лучше всех» шоуында күрделі гимнастикалық трюктер жасаған. Бірінші арна жерлесімізді «Ештеңеден қорықпайтын цирк әртісі» деп атады. Лиэльдің өнеріне көршілес елдің көрермендері зор қошемет көрсетіп, таңдай қақты.

Максим Галкин бұған дейін шоуға Лиэльдің әпкесі қатысқанын атап өтті.
Жобада өнер көрсеткеннен кейін, отандасымызға медаль, гүл мен тәтті толы сөмке табыс етілді.

Шоудың толық нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы көре аласыздар.
Тағы оқыңыз:
Баян Мақсатқызын көше ортасында “айналдырған” Тұрсын Алагөзов жұртты сүйсіндірді (видео)
“Ринголық” Батыр Байназаров “Аюмиде” өнер көрсеткен Әселді ұзатып алды (фото)
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды