Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызын көше ортасында “айналдырған” Тұрсын Алагөзов жұртты сүйсіндірді (видео)

Күні кеше қазақстандықтар “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” мерекесін атап өтті. Ресми мереке болмаса да, бірнеше жылдан бері ел тұрғындары бұл күнді мерекелеуде. Еліміздегі ең атышулы жұптардың бірі Тұрсын және Баян Алагөзовтер де ғашықтар күнін атап өтті.

тұрсынғали баян алагөзовтер

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тұрсынғали Алагөзов бұл күні ғашығы Баянды көтеріп алып, көше ортасында “айналдырды”. Романтикалық көріністі жұптың таныстары таспаға түсіріп алған. Онда Алагөзовтер әйгілі француз әншісі Лара Фабианның Je t’aime әніне билеуде.

Әдетте Алагөзовтерге жағымсыз пікірді қарша борататын желі оқырмандары бұл жолы кәсіпкердің қылығына тәнті болды.

Айтпақшы, Баян Мақсатқызы да атаулы күнге орай ғашығымен түскен суретін жариялап: “Бүкіл әлем қарсы болса да, жақсы көріңіздер. Махаббат мерекесі құтты болсын”, – деп бөлісті.

“Елімізде сіз сияқты еркектер көп болса, әйелдердің барлығы бақытты болар еді”, “Екеуі сондай жарасымды”, “Жарайсыздар”, – деп ақ тілегін жеткізді желідегілер.

No comment 😊🌷

Публикация от tursen_alaguzov (@tursen_alaguzov)


Тағы оқыңыз: 

“Ринголық” Батыр Байназаров “Аюмиде” өнер көрсеткен Әселді ұзатып алды (фото)

Динара Сәтжан Мәскеу институтында терезеден құлап кеткен бойжеткен үшін ақша жинауға шақырды

Кино үшін: Ерке Есмахан қасын қырып, шашын қиып тастады

Енемдікі дұрыс: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін 10 жыл бойы жасырып ұстаған енесінің әрекетін қолдайтынын айтты (фото)

Талқылау