Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Әнші Динара Қырықбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді. Динара бір қыздан кейін ұл баланың анасы атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сүйінші хабарды көпшілікке Динараның өзі жеткізді. Әнші күні бүгін, яғни 5 желтоқсан күні таңғы сағат 6.43-те ұл босанғанын хабарлады.

“Айшулиннің інісі, қош келдің жаным. Екі баланың анасымын”, – деп бөлісті Динара инста-парақшасында.

Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы. Сәбидің салмағы 3 келі 900 грамм, бойы 53 сантиметр боп туған.

Желі оқырмандары Динараны жарыса құттықтауда.

Еске сала кетейік, Динараның Айша есімді қызы 2016 жылдың қаңтар айында дүние есігін ашқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық Данелия Тулешова Украинадағы «Бала дауысы» жобасының келесі кезеңіне өтті

Төреғалимен дуэт айтқан түрік әншісі енді Еркенің “Қайда?” хитіне қол сұқты (видео)

Қарағандылықтар Сәкен мен Мейрамбекті “ішіп алып, сахнаға шықпады” деп айыптаған

Мөлдір Әуелбекованың екінші мәрте ана атануға әзірленіп жүргені рас па?

Талқылау