Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық Данелия Тулешова Украинадағы «Бала дауысы» жобасының келесі кезеңіне өтті

Шоу ережесіне сәйкес, топта үш әнші өнер көрсетсе де, олардың біреуі ғана келесі кезеңге өтеді.

Украинаның «Бала дауысы» жобасында алматылық Данелия Тулешова, Кристина Хуковская және Касиния Бойко бірігіп өнер көрсетті. Жобаның әділқазы алқалары қазақстандық Данелия Тулешованы келесі кезеңге өткізді, деп хабарлайды 24 арна.

«1+1» каналы көрсететін украиналық «Балалар дауысы» жобасы төртінші маусымының бесінші бөлімі көрермендерге жол тартты. Жұлдыз жаттықтырушылар командаларын жасақтап алғандықтан, қазір вокал сайысы өтіп жатыр.

«MONATIK командасындағы үш мықты әнші бір топта өнер көрсетті. Олар Кристина Хуковская, Данелия Тулешова және Касиния Бойко. Қыздар достасып, әнді сәтті орындап шықты. Могилевская алматылық жасөспірімнің өзін таңғалдырғанын айтса, Надя Дорофеева өз дауысын Кристинаға берді. Ал MONATIK жобада Данелия Тулешованы қалдыруды жөн көрді», деп хабарлайды телеарна.

Сейітқазы Матаев: Мен өзімді бостандыққа шықтым деп есептемеймін, өйткені ұлым қамауда отыр

Халықтың жа­­йын кім ойлайды: Журналист Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады

Талқылау