Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева: Отшашуды ауру жұқтыру жағынан бірінші орында тұрғанымыз үшін атты ма?

Белгілі әнші Динара Қырықбаева Нұр-Сұлтандағы отшашуға қатысты ойын айтты. Ол қала қара жамылып отырғанда отшашу жаққан басшыларды сынға алды. 

"Ненің құрметіне??? Біреу тойып секіреді. Біреу тоңып секіреді. Кешегі болған от шашу ненің құрметіне? Ненің? Жұқтыру жағынан бірінші орында тұрғанымыз үшін бе?

Халық дәрі таппай қиналып жатыр. Қаншама ел-жұрт аш отыр. Ал олар... Халықтың көңілін көтеру үшін дейді. Бұның бәрі бос сөз.

Аурумен күресуге жалпы қордан 13.000.000.000$-ақша бөлінген. Нәтижесі-Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша 1 орында. Жемқорлық біздің түбімізге жетеді. Менімен келісесіз бе?", - деп жазды әнші парақшасында.

Оның сөзін желідегі оқырмандары қостай кетті. Нұр-Cұлтанда 6 шілде tkjhlf күніне орай отшашу болды. Әкімдік халықтың көңіл-күйін көтеру үшін ұйымдастырылды деп тақталды. Алайда желі қолданушылары мен бірқатар өнер өкілдері, зиялы қауым өкілдері бұған қарсы шықты. 

"Иә, қара халық қатты қиналды!!! Интернетке кірсем жүрегім ауырады!!! Алла бəрін көріп тұр, бұлай қинап жылатып қоймас. Қаранғы күнің артынан міндетті түрде жарық болар деп сенем!!! Қинамаңдаршы халқымды азайтпаңдаршы", "Толығымен, болашақ мынадай бассыз билік тұрғанда не болады Алла нысап берсін", "Әрине толығымен келісемін.Бірақ амалым қанша", деп жазды желідегілер.


"Көр үстінде көп шайтан билегендей, отшашуың бітпеді-ау, Қазақстан": Ашулы жұрт наразылықтарын өлең жолдарымен жеткізуде

Талқылау