Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дин Лижэнь шахматтан он жетінші рет әлем чемпионы болды

Елордада әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы тартысты ойын аяқталды. Шахматтан 17-ші әлем чемпионы атағы қытайлық Дин Лижэньге бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шахмат тарихындағы ең қызық және драмалық матчтардың бірінде соңғы жылдам тай-брейк ойынында Дин Ян Непомнящийден басым түсті", - делінген ФИДЕ-нің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Матчтың жалпы жүлде қоры - 2 млн доллар. Бұл оқиға Freedom Holding Corp компаниясының рекордтық сыйлық қорының арқасында да тарихқа енеді. Жеңісі үшін Лижен 1,1 миллион еуро алады.

Егер бәсекелестердің бірі 14 партияға созылған ойын барысында жеңіске жеткенде осы соманың 60 пайызын алуы тиіс болатын. Енді тай-брейктен кейін жеңіске жеткен шахматшының жүлде қоры аталған соманың 55 пайызын құрайды.

Матчтың 14 партиясынан кейін есеп 7:7 болып тең аяқталды. Осыдан кейін жылдам шахматтан қосымша 4 партия (бақылау уақыты 25 минут, жүріс барысына + 10 секунд) тағайындалды.

Алғашқы 3 партия тең аяқталғанымен, шешуші партияда Дин Лижэнь жеңіске жетті.

Айта кетейік, спортшылар 13-ойынды 39 жүріспен тең аяқтады, кеше өткен он төртінші партияда да тең түскен еді.

Жарыс ережесі бойынша 14-партияда жеңімпаз анықталуы тиіс еді. Алайда қос қарсылас арасында бұған дейін 6,5:6,5 есебімен тең нәтиже сақталып тұрды.

Сондықтан олардың бірі жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық атаққа қол жеткізетін.

Шахматшылар тең түскендіктен 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан астанасы алғаш рет шахматтан әлем чемпионатын өткізген болатын.

Талқылау