Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың ізімен: Қайрат Түнтеков Қытайда үлкен жобаға қатыспақ

Осы күндері Қайрат Түнтеков Республика сарайында өзінің жеке концертін өткізуі тиіс еді. Тіпті, кештің арнайы бағдарламасы да әзірленіп қойған болатын. Алайда, әншінің дегені орындалмады. Неліктен? Өзінен сұрап көрейік.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Үлкен шоу-концерт болады. Ол жерде мені басқа образда көресіздер. Концертті Еуропаның стандартымен істегім келіп жатыр. Енді әрине жанды дауыс ол бір, шоу ол екі», – дейді Қайрат Түнтеков.

Ел естімеген тамаша кеш өткіземін деп көпшілікті сендірген Қайрат Түнтеков, өкінішке қарай өз сөзінде тұра алмады. Алайда, әнші берген уәдемнен тайып кетуімнің лайықты себебі бар деп ақталуда.

«Бір жағдайлармен, оның үстіне естідіңіздер шетелге кетіп бара жатырмын. Мені Қытай шақырып отыр, Қытайға кетуімнің себебінен, концертті күзге ма, қалдырамын. Өйткені, сол жақта жұмыстарым бар», – дейді Қайрат.

Димаш Құдайбергеновтың ізімен Қытайға барып, бағын сынау үшін әнші Максим Фадеевтің ұсынысынан да бас тартыпты. Шығармашылық жолда өнерпаздың өз ішкі есебі бар.

«Рейтингі жоғары проектер көп. Мысалы сол жақтың «VOICE» жобасы. Біздің «Қазақстан дауысы» сияқты «Қытай дауысы» деген бар ғой. Мүмкін соған қатысып қалармын. Мүмкін клип те түсіремін. Бірақ сонда боламын», – дейді Түнтеков.

Сәуір айында шетелге аттануды жоспарлаған Түнтеков, бұл күндері қол қусырып отырған жоқ.

«Үнтаспа жазылып жатыр. Оның ішінде жеті-ақ ән болады. 7-8 мүмкін. Заманауи стильде. Өзімнің бір жаңаша қырымды көрсеткім келеді, жаңа стиль көрсеткім келеді», – дейді Қайрат.

Жіберіп алмаңыз: 

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың жаңа фильміне түсуі мүмкін

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Мейрамбек Бесбаев Қызыл теңізде отбасымен бірге демалып жүр (фото)

Шашы тақыр, костюмі ұзын: Төреғалидің сахналық образы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Талқылау