Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзованың жаңа фильміне түсуі мүмкін

Жаңашылдыққа жаны құмар Баян Мақсатқызы, жуырда тағы бір жобаны қолға алмақ ниетте. Продюсердің кезекті картинасы өзі жетекшілік ететін «Кешью» тобы туралы болмақ. Ал, атышулы ұжымның өткен өмірін баяндайтын фильмнің сюжеті қалай өрбиді? Алагөзованың туындысына гелзбендтің экс-мүшелері түсе ме?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Әрине, қазіргі құрамдағы қыздар да, бұрын «Кешьюде» өнер көрсеткен әншілердің барлығы да болады. Бірақ, олармен әлі келіскен жоқпын. Кім біледі? Бас тартуы да мүмкін ғой”, – дейді Баян.

Баян «Кешьюдің» тарихын суреттейтін туынды, мюзикл жанрында болады деп жоспарлап отыр. Өйткені, топтан қаншама талантты қыздар түлеп ұшты. Мәселен, Мөлдір Әуелбекова үшін бұл гелбзендтің орны ерек. Егер Алагөзованың тарапынан ұсыныс түссе, жаңа жобада бой көрсетуі бек мүмкін.

“Сол мезетте мүмкін шешерміз… Өйткені бұл жоба мен үшін өте маңызды жобалардың бірі. Бұл орталық мен үшін өте маңызды. Қанша сұхбаттарда айтылып жатыр оның бәрі. Көрсетіліп жатыр. Сол себепті мен қатты қуаныштымын”, – дейді Мөлдір.

Алагөзованың айтуынша, «Кешьюдің» байопигі шынайы өмірдегі оқиғалардан құралады. Қыздардың топтағы өзара қарым-қатынасы мен сахна сыртындағы тыныс-тіршілігі кинотуындының тұздығы болмақ.

“Менің де жұмыс істеген кезімде неше түрлі гастрөлдер болды. Гастрөлдерде де неше түрлі қызық оқиғалар болды. Менің ойымша түсіруге дайын материал көп. Сондықтан мен дайынмын”, – дейді Айдана Меденова.

«Кешьюдің» өмірбаяны негізі қызық болған ғой. 12 жылда не болмаған мысалы. Сахнаның ар жағында болатын дайындық, қобалжу, сахнаның сыртындағы өмір өзгеше, қызығырақ”, – дейді Элизат Берікова.

Продюсер бүгінде аталмыш картинаға режиссер таңдап, сценарийді пысықтау үстінде екен. Түсірілім жұмыстары биыл басталмақ.

Жіберіп алмаңыз: 

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Баян Алагөзова Аягөздегі су тасқыны жайлы: Жемқорлық пен шенеуніктердің ұятсыздығын қалай тоқтатуға болады

Айгүл Иманбаева: Бір аунап тұрдым, екі жыл бойы ауыр дертпен күрестім

Жаманқұлов: Маған қарсы адамдар актриса әйеліме қысым көрсете бастады

Талқылау