Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жеке өмірі мен отбасылық жағдайына байланысты «Бақытты әйел» бағдарламасында ашық сұхбат берді.

Әңгіме барысында өнер иесі кезінде «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасының продюсері болған Мақпал Қаратайға ренжіген кездерін де жасырмады. Себебі, әнші сол бағдарламада бұрын соңды айтпаған, өзі 35 жыл бойына көрмеген әкесі жайлы бар шындықты айтып берген еді.

«Мен сол кезінде Алтынаймен таңды-таңға ұрып  гастрольдің кезінде әңгімелесетін, сырласқан кездерді сағындым. Мен үнемі оның тілекшісімін. Тағдыр деген бар, басымнан талай дүние өтті. Оған тек әйел бақытын тілеймін.

Мен баяғыдан айтамын Алтынаймен дос емеспін. Бір бағдарламада Алтынай «Ия біз құрбымыз» деп бастағанда бірден тоқтаттым. Біз құрбы емеспіз, әріптеспіз. Менің биігім бөлек, оның биігі бөлек. Біз кезінде аралассақ Сәбит екеуі тұрғандықтан. Балалар бір-бірімен жақын аралассын дедік. Қазір де балалар бір –бірімен жау емес.

Мысалы, балалардың санасына екі жақтап, қаны бір ,бауыры екеніндерін санасына құйып отырамыз. Олар қазір бөлек кеткен кезде онымен не үшін араласуымыз керек? Сол себепті жолымыз әртүрлі. Бір концертте кездесіп қалдық жақында. Сол кезде залда отырған  анама гүл беріп жіберді. Өмірде шоу жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын»,-дейді Айгүл Иманбаева.

«Мен барымша шынайы өмір сүргім келеді. Шоу-бизнес,эстрададағы, театрдағы әріптестерім болсын, өнердіңбар саласындағы әріптестерімнің тілекшісімін. Олардың қуанышына қуана аламын. Мұңайса көңілім түседі. Себебі, біз әйелміз, нәзікпіз.

Олармен бір кемедегі адамдармыз. Олардың бірі шалыс басып құлап жатса, мен оған қуана алмаймын. Ертең ол өзімде болуы мүмкін. Әріптесімнің басында қайғы болса мен оны қолдаймын. Қолдан келсе демеп, көмектесемін.

Курстастарыммен жақын әріптеспін. Сондықтан тығыз араласамын. Әншілермен тек концерттерде кездесіп жатамыз, амандығымыз, саулығымыз түзу. Олардың арасында шынайы достық жоқ. Олармен бәсекелеспіз. Әр әншінің ұйқысы тыныш емес.

Себебі, анау не істеп жатыр екен, мынау не істеп жатыр екен деген ой бар. Біреу жақсы ән жазса «мен не істеп отырмын» деген сұрақ туады. Менің де ұйқым тыныш емес. «Мына қыз былай істепті, қой әнімді жазайын. Жақсылап арықтап алыпты. Мен неге жайылып отырмын» деп өзімді қамшылай түсемін. Бұл саналы тұрғыдағы бәсекелестік. Азамат Сатыбалды театр ашты.

Енді бір-бірімізге сен Алматыға келме сен астанаға келмеші деп отырамыз. Азаматтың театры іске қосылғалы ізденісім күшейді. Бұл заңдылық. Сол себепті мен әріптестеріммен сорпамды онша араластыра бермеймін. Шынайы достарым саусақпен санарлық.»,-дейді әнші.

Оқи отырыңыз:

Әнші жігіт сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп тамағына 33 сарымсақ тығындап өлтіріп алды

Бермуд аралынан төрт жыл бұрын көмек сұраған жолаушының бөтелкеге салынған хаты табылды

Қызыл теңізге демалуға барған әйел дәл судың ортасында босанды

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр