Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың әкесі: Қайрат пен Төреғали қазақ тілінің дамуына үлкен себепкер болып отыр

Роза Рымбаева Қазақстанда той әндерінің насихатталатынын айтып, Димашқа шетелге баруға кеңес берген-ді. Алайда, әншінің әкесі елімізге той әндерінің керек екенін айтып жатыр. Осы орайда, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің қазақ тілінің дамуына өзіндік үлес қосып жүргендерін айтып өтті.

0лорнг

Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

“Ол кісі де үлкен жанашырлықпен айтып отыр деп есептейміз. Осы тұста айқындап алатын мәселелер бар. Мысалы, музыканың түрлі саласы бар. Тойдың әні де міндетті түрде керек. Өйткені, қазақтың көп уақыты тойда өтеді. Оның ішінде сапалы тойдың әдемі әні неге болмасқа?! Ұлттық музыканың өзі сан тарауға бөлінеді. Бірақ, тойдың әні болсын, ауқымды сахнаның әні болсын, классикалық бағыттағы дүние болсын, өте жоғары деңгейде, сапалы орындалуы тиіс.

Осы орайда айта кету керек, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдардың әндері қазақ тілінің дамуына, қазақ рухының өсуіне үлкен себеп болып отыр. Эстрадағы келіп, сахнада жүрген адамдардың жасап жүрген дүниесі – біздің тіліміздің өсуіне әсер етеді. Әрине, олардың ішіне сөзі де, әні де келіспеген, дүбәра нұсқалар кіріп кетуі мүмкін. Бірақ, сан бар жерде, іріктеліп сапа шығады. Көптеген дастарханда айтылатын ретро әндеріміз бар”, – дейді Қанат Айтбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Қанат Айтбаев: “Димашты бағаламаған едік” деп айтпаңыздар

Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты (видео,фото)

Асанәлі Әшімов туралы фильм ЭКСПО көрмесіне қойылмақ

Талқылау